“Ұйықтатпақ болған, бірақ балғамен ұрып өлтірген“. Степногорскіде жантүршігерлік оқиға тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ұйықтатпақ болған, бірақ балғамен ұрып өлтірген“. Степногорскіде жантүршігерлік оқиға тергеліп жатыр Бейнеден алынған кадр

Степногорскіде жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Степногорскіде жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам өзге адамдардың көзінше жануарға қатыгездік көрсеткені туралы видео тарады. Жарияланымда Степногорск тұрғыны итті "ауру әрі кәрі" деген сылтаумен балғамен ұрып өлтіргені айтылған.


Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында бір әйел болған. Ол тоқтатпақ болғанымен, ер адам жануарды аяусыз ұруын жалғастыра берген. Содан кейін куәгерлер полиция шақырған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресми деректерге сәйкес, 11 маусымда Степногорск полиция басқармасына белгісіз ер адамның итті ұрып жатқаны туралы ақпарат түскен.

"Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері үй жануарының сол адамға тиесілі екенін анықтады. Иттің жасы келіп, денсаулығы нашарлауына байланысты иесі оны ұйықтату туралы шешім қабылдаған. Алайда ветеринарлық клиниканың тиісті қызметіне жүгінудің орнына, ер адам итті балғаға ұқсас затпен бірнеше рет ұрған", - деп хабарлады өңірлік полиция.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Қапқа салып, ұрып-соқты“: Алматы облысында ит ұрлығы видеоға түсіп қалды

Айта кетейік, Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жоспарланған. Биыл сәуірде экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нүркен Шәрбиев ықтимал жаңа санкциялар туралы айтқан болатын. Ол Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-1-бабын ("Жануарларға қатыгездік көрсету") қатаңдату көзделіп отырғанын хабарлады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +22
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +32
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +25
П
Павлодар +22
Петропавл +28
С
Семей +30
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +26
О
Орал +27
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер