09 қаңтар 2023 14:08

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері туралы ақпарат үшін сыйақы жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесіне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесіне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр.

"Еске салайық, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан.

Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда.

Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз. 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети