15 қараша 2021 16:46

"Ұзақ жиналыстарды ұнатпаймын" - Мамин бір күні қалай өтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс күні қалай өтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс күні қалай өтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамин күн сайын таңғы 5-те оянып, бір сағатын спортқа арнайтынын атап өтті.

"Қайда болсам да спорт формамды қалдырмаймын. Барлық жерде, мүмкіндік болса, күнде спортпен айналысуға тырысамын", - деді Мамин журналистермен кездесуде.

Премьер 7.15-те ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан баяндама алады екен.

"Әр таң сайын ол менен бұрын келеді. Оның баяндамасынан кейін төтенше жағдайлар министрі Ильинмен сөйлесемін. Ол да менен бұрын келіп, ақпарат алады. Мен министрлерге, орынбасарларға мына уақытта кел деп өтініш, талап қоймаймын. Әркім өз кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл жағынан талап қоймауға тырысамын. Мұнда тұрған ештеңе жоқ", - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, премьердің жұмыс күні таңертеңнен түнге дейін созылады.

"Күн көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Кездесулер, жиналыстар көп болады, бірақ мен ұзақ жиналыстарды ұнатпаймын. Байқасаңыздар, Үкімет отырысы бір сағаттан артық өтпейді. Үкімет отырысының күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылау үшін көп дегенде бір сағат кетеді. Сондықтан 9-дан 10-ға дейін әр сейсенбі Үкімет отырысын өткіземіз, кейін барлығы жұмысына оралады. Бұл әкімдер үшін де өте ыңғайлы.

Олар осыны білген соң, өз кестесін жасай береді. Ережені бәрі біледі - жиналыс бір сағаттан, 45 минуттан аспайды. Тезірек, қажетсіз әңгімелерсіз аяқтауға мүмкіндік болса, тіптен керемет. Сондықтан бізде жұмыс форматы осындай", - деді үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети