09 маусым 2022 17:35

Вейптерге толық тыйым салынады - министр Қуантыров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейптерге тыйым салу жоспарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейптерге тыйым салу жоспарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вейтерге толық тыйым салынады. Вейптер - бұл біздің балалар сатып алып жатқан екі-үш мың теңгелік никотиндер. Бүгінде олар тым қолжетімді болып тұр. Оларды арнайы құрылғыда қызған күйде тартылатын өнімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Олардың бағасы қымбат және олар стиктермен тұтынылады", - деді Қуантыров.

Сонымен қатар, ол темекі қыздыру құрылғыларына арналған стиктердің қымбаттап бара жатқанын атап өтті.

"Әрине, стиктердің де бағасы көтеріледі. Өздеріңіз білесіздер, халық денсаулығы үшін осындай қуатты лобби жүріп жатыр. Мүмкін, бұл дұрыс та шығар. Стиктердің темекіден айырмасы жоқ. Сондықтан халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылданды", - деді Қуантыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети