Видео қарап, би билейді - Сенатор қазақстандық жүргізушілер жайлы

06 Қыркүйек 2018, 13:49
0
Видео қарап, би билейді - Сенатор қазақстандық жүргізушілер жайлы - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Парламент Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов көлік жүргізіп келе жатып әлеуметтік желіде жазысатын және Kiki Challenge билейтін жүргізушілерді, сондай-ақ осы мәселеге "назар аудармайтын" полицейлерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде "Сергек" жүйесінің пайда болуымен және автопатрульге ауысуына байланысты жүргізушілер телефонарқылы сөйлесіп, әлеуметтік желіде хат алмасып қана қоймай видео да қарап жатады. Онысымен қоймай, флешмобтар пайда болды, онда жүргізуші қозғалып келе жатқан көліктен түсіп, би билейді. Той кортеждерінің мәселесі ушығып тұр, алдыңғы орында балалардың автокреслосыз тасымалдау және жүргізуші баласын қолына алып көлік жүргізген жағдайлар көбейіп жатыр", - деді сенатор. Осылайша депутат премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал жолдады. 

Оның айтуынша, 2017 жылы Қазақстан жолдарында жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 мың адам зардап шеккен, ал 2000-нан аса адам көз жұмған. 

"Тоқтауға рұқсат етілмеген жерде көлігін тоқтата салып, апат жағдайында қосылатын белгіні басып, адамдарды көліктерін түсіру не мінгізу Қазақстан автомобилистерінің "жақсы дәстүріне" айналып кеткендей. Бұл апатты жағдайға себепші болуы мүмкін. Алайда ішкі істер органы қызметкерлері мұндай ереже бұзуға аса мән бермейді. Сонымен қатар, ішкі істер органы қызметкерлерінің өзі осылай істеп, басқа да ережелерді бұзады", - деді депутат. 

Оның айтуынша, айыппұлдарды өтеу жұмыстарының әлсіздігі мен көлікті тоқтату кезіндегі ішкі істер органы қызметкерлерінің сауатсыз әрекеті халықтың шамына тиіп, билік органдарының абыройына нұқсан келтіреді екен. 

Айта кетейік, 2018 жылы жазда Қазақстанда жаңа бір флешмоб жақсы қарқын алды, Kiki Challenge қатысушылары автокөлік салонынан шыға салып, рэпер Дрейктың In My Feelings әуеніне билей бастайды. Құқық қорғау органыдары осы флешмобтан бірнеше жол ережесін бұзылатынын айтады. Флешмоб түсірушілер басқа да жүргізушілердің қауіпсіздігіне зиян келтіреді екен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай