07 желтоқсан 2017 09:35

"Видеодағыдай тәтті өмір жоқ екен". Сириядан келген қазақстандық әйел ДАИШ-тағы өмірі жайлы ашып айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ-тен қашқан Дина. © mgorod.kz ДАИШ-тен қашқан Дина. © mgorod.kz

Орал қаласының тұрғыны төрт баласымен ДАИШ-тан қашып келген. 29 жастағы Дина террористік ұйымның аумағында қалай күн кешкенін айтып берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Орал қаласының тұрғыны төрт баласымен ДАИШ-тан қашып келген. 29 жастағы Дина террористік ұйымның аумағында қалай күн кешкенін айтып берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Айтуынша, 2011 жылы ол әлеуметтік желілерде болашақ күйеуімен танысып, ата-анасынан қашып, жігітіне Пәкістанға барған.

"2011 жылы Пәкістанда тұрмысқа шықтым. 2012 жылы күйеуіммен бірге шекарадан заңсыз өтіп, Түркияға кеттік. Ол жақта үш жыл өмір сүрдік, екі қызымыз дүниеге келді. Сосын Сириядағы өмір көрсетілген видеороликтерді қарай бастадық. Видеода бәрі жақсы еді, барлығы шариғат заңымен өмір сүреді. 2015 жылы халифат жарияланғанда біз "насихаты өтіп кетіп", Сирияға аттандық", - дейді Дина.

Сирияда әйел тағы екі бала босанған, сосын оларды алып, қашып кетіпті.

"Сирияға келдік, бос тұрған бір үйге барып, тұра бастадық. Алайда Сирияда шын мәнінде өмір соншалықты жақсы емес екен. Ол жақта шариғат заңымен өмір сүрмейді. ДАИШ-тың біздің көшіп барғанымыз үшін берген ақшасына күн көрдік. Тек бізге басқа сома айтып алып, өздері аз төлеп жүрді, күн өткен сайын бұл төлем азая бастады. Соңғы рет 30 доллар ғана берді. Бұл ақшаға тамақ пен қажетті дүниелер сатып алдық. Роликтерде көрсетілген керемет өмір, ақша және жағдайдың бәрі өтірік екен. Шақырғандарында келіп, көрсеңіздер болады деді. Ұнамай қалса, кетіп қаласыздар дегенді де қосты. Бұл да өтірік. Ол жақтан сізді ешкім де жібермейді", - деп әңгімеледі ол.

Айтуынша, қашып шықпақ болғандар ұсталып, түрмеге тоғытылыпты. Егер адам өкінсе, босататын көрінеді, ал өкінбей, өз еліне кеткісі келгендерді өлтіріпті. 

"Үйге қайтуымыз қажет деп шештік. Бірақ елден шығу өте қиын. Біріншіден, кімге сеніп, кімнен көмек сұрарыңды білмейсің. Сосын бір сириялықты тауып алдық, ол тек әйелдерді шығаратын жердің барын айтты. Қыркүйекте басқа әйелдермен бірге күрдтерге барып, ол жақта солардың қолына берілдік. Ол жақтан 13 қарашада Ресей Федерациясының Грозный қаласына алып кетті. Сол жақтан үйіме, өз ата-анама оралдым", - деді әйел.

Динаның күйеуі болса әлі Сирияда екен, алайда әйел оның да, өзінің де қарулы қақтығыстарға қатыспағанын айтады. "Әлі Сирияда, себебі ер адамдарды ол жақтан шығармайды. Әйелдер қашатындықтан, ерлерге өте қауіпті. Отбасы қашып кеткенін білсе де күйеуімді өлтіреді", - дейді Дина.

Қазір әйел ата-анасының қолында төрт баласымен өмір сүріп жатыр. Балалардың құжаты жоқ, әйел құжаттарды енді жасатып, балабақша мен мектепке бергісі келеді. 

Порталдың мәліметінше, әйел Сирияда болғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети