09 қараша 2018 13:41

Вице-министр Астанадағы QSI мектебіндегі мұғалімге қатысты жағдайға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qsi.org © qsi.org

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы халықаралық QSI (Quality Schools International) мектебіндегі мұғалімге қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы халықаралық QSI (Quality Schools International) мектебіндегі мұғалімге қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін QSI мұғалімінің балаларға әдепсіз қылық көрсеткен соң жұмыстан шығарылғаны жайлы хабарланған еді. Мектептегілердің айтуынша, Алматыға спорттық сапар барысында Астанадағы халықаралық QSI мектебінің мұғалімі өзін ерсі ұстап, біліксіздігін көрсеткен.

Суханбердиева министрліктегілердің осы жағдайдың мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

"Кеше осындай ақпарат келді. Мектептегілер мұғалімнің жұмыстан шығарылғанын айтты. Қазір сауалхат жаздық, мәселені заң жүзінде анықтаймыз, барлығы хабарланады", - деді вице-министр.

Ол қазақстандық мектептерде мұғалімнің балаға деген қарым-қатынасының міндетті түрде бақыланатынын айтып өтті.

"Барлығын бақылап отырмыз. Білім беру мекемелерінің басшылары жұмысқа қабылдаған мамандары үшін азаматтық әрі қылмыстық жауапкершілікті өз мойнына алады", - деп нақтылады вице-министр.

Сондай-ақ, Суханбердиева еңбек заңнамасының Қазақстандағы барлық жекеменшік мектепке де қатысты екенін ескертті.

"Мұғалім жұмысқа келгенде ол сотты болмағаны жайлы анықтама көрсетеді. Ол мұғалімде анықтамасы болған. Енді қазір біз онымен айналысып жатырмыз, жазбаша сауалхат жолдадық. Мұғалім жұмысқа тұрғанда барлық қажетті құжатты әкелген. Бірақ оның нақты қалай жұмыс істегенін қазір анықтап жатырмыз", - деді Суханбердиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети