15 қыркүйек 2014 14:56

Вице-министр мемлекеттік гранттардың азайтылғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тахир Балықбаев. ©Тұрар Қазанғапов Тахир Балықбаев. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мемлекеттік гранттар көлемінің қысқартылуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мемлекеттік гранттар көлемінің қысқартылуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер өткен жылмен салыстырар болсақ, біз мемлекеттік тапсырысты біраз қысқарттық. Себебі медицинадағы бір бағыт бойынша мемлекеттік тапсырыс 500 адамға қысқарды, өйткені экономиканың бүгінгі сұранысы сондай. Биыл медицина мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс азайды. Басқа мамандықтар бойынша барлығы бұрынғы деңгейінде қалды", - деді Балықбаев.

Вице-министр соңғы төрт жылда техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс 2000 адамға дейін, докторантура бойынша 100 адамға, магистратура бойынша 700 адамға артқанын айтты. "Маман даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс экономиканың қажеттілігіне, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өтінішіне қарай қалыптастырылады", - деді Балықбаев брифингте.

Бұған дейін ол талапкерлер үшін 34 165 грант көлемінде мемлекеттік тапсырыс, оның 31 035-і күндізгі оқу бөліміне, 500-і - сырттай және дайындық бөліміне бөлінгенін айтты. Грант техникалық мамандықтарға көп бөлінген - 12 мыңнан астам орын, педагогикалық мамандықтарға - 5864, ауыл шаруашылығы және ветеринариялық мамандықтарға - 2650 орын.

Сонымен бірге М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалына - 125 грант, Назарбаев Университетіне - 550 грант, Моңғолия азаматтары үшін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне - 25 грант, Ауғанстан азаматтары үшін 54 грант және түркітілді елдер азаматтары үшін Ясауи университетіне 200 грант бөлініп отыр. Өнер саласындағы жоғарғы оқу орындарына 770 грант бөлінді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети