20 сәуір 2022 14:52

Вице-премьер Жамаубаев базалық мөлшерлемені төмендету қажеттігін мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда несиені қолжетімді ету үшін базалық мөлшерлемені төмендету қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда несиені қолжетімді ету үшін базалық мөлшерлемені төмендету қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында Жамаубаев базалық мөлшерлемені қалыптастыру тетіктерін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.

"Жалпы, Ұлттық банк үкіметпен бірлесе отырып, базалық мөлшерлемені қайта қарауы қажет. Бұл мәселені қанша депутат көтеріп отыр. Базалық мөлшерлеме экономикадағы барлық мөлшерлемелерге әсер етеді: бұл депозиттер бойынша мөлшерлеме, несиелер, бағалы қағаздар және т.б.", - деді ол.

Ұлттық банк инфляция деңгейін ұстап тұру үшін мөлшерлемені неғұрлым жоғары деңгейде ұстау керектігін айтады, деп еске салды Қаржы министрі.

"Біз деңгейді қайта қарау қажет деп айтамыз, өйткені қазір теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақтанды, сондай-ақ сыртқы күйзелістер оларды дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Біз экономиканың өсуі үшін тренд жасауға тиіспіз, қалыпты пайыздық мөлшерлемесіз экономиканы кредиттеу үшін қаражат тарта алмаймыз. Сондықтан мұнда Ұлттық банкпен тығыз жұмыс істеу керек", - деп түсіндірді Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети