Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Вице-премьер үйде сусыз қалғанда не істейтінін айтты 06 маусым 2023, 15:34

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Астанадағы су тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Астанадағы су тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сусыз қалғанда не істейсіз? Туыстарға барасыз ба?" – деп әзілдеп сұрады журналистер вице-премьерден үкімет кулуарында.

"Ыстық су бермейді, салқын су, кешке таман", – деп жауап берді Серік Жұманғарин күлімсіреп.

Үйіңізде ауыз суы бар ма, деген сұраққа ол: "Жоқ, бөтелке ыдыста" - деп жауап берді.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордада қосымша су құбыры осы айда қосылатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram