22 наурыз 2020 17:03

Вице-премьердің інісі БҚО-дағы аудан әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой ГОРОД" © "Мой ГОРОД"

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың інісі Марат Тоқжанов Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың інісі Марат Тоқжанов Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Бұған дейін Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 

Марат Лұқпанұлы Тоқжанов - 1965 жылы 29 сәуірде Орал облысы Теректі ауданының Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін (1990 жылы) тарихшы мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2000 жылы) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 

1990 жылдан - Жезқазған облысы Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернаттың тарих мұғалімі; Сәтбаев қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы.

1991 жылдан - Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты саяси тарих кафедрасының ассистенті;

1994 жылдан - Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері;

1999 жылдан - Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім бастығы;

2000 жылдан - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау және кадрлар жөніндегі бөлімінің бастығы;

2003 жылдан - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті бақылау бөлімінің бастығы (Алматы қаласы);

2004 жылдан - Қарағанды облыстық Әділет департаменті Теміртау қалалық Әділет басқармасының бастығы;

2007 жылдан - Орал қаласы әкімінің орынбасары;

2008 жылдан - БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі;

2010 жылдың мамырынан бері - Батыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының бастығы.

Үйленген. Жұбайы - Құралай Ысқақова, үй шаруасымен айналысады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети