24 қараша 2020 13:01

World Wide Minerals дауы: Ағылшын Жоғары соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Ағылшын Жоғары соты World Wide Minerals дауы бойынша Қазақстан пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Ағылшын Жоғары соты World Wide Minerals дауы бойынша Қазақстан пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 23 қарашада Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасына қарсы World Wide Minerals канадалық компанияның және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша осыдан бұрын шығарылған төрелік шешімнің (соның ішінде залал, пайыздар және сомалар бойынша мәніне қатысты) күшін жойды.

Бұрын хабарланғандай, 1 пайыздан кем мөлшерінде талапкерлерге өтемақы ұйғарумен шешім шығарылған.

Қазақстан Республикасы шешімге шағымдану үшін 2019 жылдың қараша айында 1996 жылғы Төрелік Заңның 68-бабының тәртібімен төреліктің қаралатын орны бойынша Англияның Жоғары сотына өтініш берді.

Нәтижісінде, Англияның Жоғары соты 2020 жылғы 23 қарашада қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісе отырып, Талапкерлерге ұйғарылған талап сомасы мен шығындарға қатысты шешімнің күшін жойып, оны төрелік трибуналға қайта қарауға жіберді.

Сондай-ақ, сот World Wide Minerals Ltd және П. Карролдан ҚР-ның пайдасына  350 000 АҚШ доллары көлемінде сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Англияның Жоғары соты 1996 жылғы төрелік Заңның 68-бабының тәртібінде шағымдану процесіне байланысты Қазақстан Республикасына берілетін өзге де шығындардың сомасын қосымша бағалайды.

Бұл Қазақстан Республикасы өзінің беделін нығайту үшін құқықтық тетіктер қолдану шеңберінде өзінің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын растайды. Осының бәрі әділ шешімдерге қол жеткізу жолындағы түбегейлі қайсарлықты көрсетеді.

Осы дауда Қазақстан Республикасының мүдделерін Әділет министрлігі, Reed Smith LLP халықаралық заң фирмасы, Essex Court Chambers адвокаттық палатадан Джо Смоуа корольдік адвокаты, Лондон қ. 3 Verulam Buildings адвокаттық палатының мүшелері Кристофер Харискорольдік адвокаты және Пол Ви адвокатымен бірлесе білдіреді.

Essex Court Chambers және 3 Verulam Buildings өкілдері бірқатар көпмиллиардтық төрелік талаптар бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін сәтті қорғанын атап өту қажет.

Сондай-ақ, 3 Verulam Buildingsтның өкілі корольдік адвокат Али Малек 2017 жылы "Стати" ісі бойынша Англияның Жоғары сотында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдірген. Оның нәтижесінде, Статидің пайдасына төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті сенімді дәлелдердің (prima facie) болуы туралы шешім шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети