17 шілде 2021 17:51

Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық үшінші тәулік іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kg Фото: 24.kg

Қырғызстан тауларында жоғалып кеткен қазақстандық әйел үшінші тәулік іздестіріліп жатыр. 29 жастағы турист әлі табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 


Қырғызстан тауларында жоғалып кеткен қазақстандық әйел үшінші тәулік іздестіріліп жатыр. 29 жастағы турист әлі табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

15 шілдеде ол отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына барған. Туристер Қаракөл өзені арқылы көпірден өтіп, отын жинауға кеткен. Ал жоғалған әйел жағалаудың арғы бетінде қалған. Содан бері оны ешкім көрмеді.

ТЖМ мәліметінше, отбасы Қырғызстанға Ресейден келген, олардың үшеуі Ресей азаматы, екеуі - қазақстандық, қатарында хабар-ошарсыз кеткен әйел де бар. 

Оқиға туралы ақпарат кезекшіден 15 шілдеде сағат 22.30-да түскен. Ережеге сәйкес түнде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілмейді, сондықтан ол таңертең басталған.

"16 шілдеде Ақ-Сууй ауданы мен Қаракөлде 17 құтқарушы жұмылды. Оқиға орны аудан орталығынан 70 шақырым жерде орналасқан биік тауда болғандықтан, құтқарушылар 12.00-ге қарай жұмысқа кірісті. Нөсер жаңбырға қарамастан, олар Қаракөл өзенінің жағасынан 15 шақырым жерді, сондай-ақ жақын маңдарды зерттеді. Қараңғы түскеннен кейін іздеу аяқталды", - деді ведомство өкілдері.

Бүгін жоғалған шетелдікті іздеу үшін қосымша күштер тартылды. Алайда әзірге нәтиже берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети