23 тамыз 2023 09:50

Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған 1WIN ұйымына қатысты тергеу басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА кадры ҚМА кадры

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған 1WIN ұйымына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған 1WIN ұйымына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған ұйым Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде қызмет атқарған.

"Мыңдаған жерлестерімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған. Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады.

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеттері жалғасып жатқаны айтылды.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети