20 қаңтар 2021 12:41

Зейнетақы бөлігін тұрғын үй үшін алу механизмі қаңтардың соңына дейін дайын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың зейнетақы қорындағы ақшаны алудың кешігіп жатқаны туралы шағымына жауап берді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй үшін зейнетақы бөлігін алу механизмі қаңтардың соңында дайын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Негізгі заң әзірленді, содан кейін соған қатысты ведомстволар НҚА әзірлеу керек. Біздің тарапымыздан тек бір мәселе қаралады - зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй алуға пайдалану. Қазір соның механизмі дайындалып жатыр және қаңтардың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

ИИДМ өкілдері бұл мәселеде Ұлттық банк те өз құзыреттілігі аясында қосылғанын атап өтті.

"Осыдан кейін депутат заңды кабинеттер арасында "серуендеп жүр" деп ойлаған шығар", - деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат аманжан Жамалов премьер-министр Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұрады. ол 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр, олар үйді де таңдап қойды. Ал бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында "серуендеп жүр" деген пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети