14 қаңтар 2021 15:18

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану. БЖЗҚ жеткілікті шек туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін жеткілікті шек туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін жеткілікті шек туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.

Осы құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастыра алған салымшылар пайдалана алады.

Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды", - дейді БЖЗҚ өкілдері.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес "зейнетақы жинақтарының ең аз жеткілікті шек" салымшының зейнетақы жинағының нақты сомасын, сондай-ақ, оның болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтиды. Бұл зейнетақы жасына жеткен кезде оған ең аз зейнетақыдан кем емес зейнетақы табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Егер кірістер жоғары болса, онда ең төменгі жеткілікт шек тезірек қалыптасады, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі төлемдер ең төменгі зейнетақыдан көп болады.

Қазақстандағы орташа зейнетақы аталды

2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шектерінің алдын ала мөлшерлері мынадай:

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети