12 мамыр 2020 12:37

Зорлық көрдім деген қостанайлық қыз ТЖ режимін бұзғаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда зорлық көрдім деп шағымданған 22 жастағы қызға қатысты іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда зорлық көрдім деп шағымданған 22 жастағы қызға қатысты іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайлық Лаура Сүндет әлеуметтік желілерде белгісіз біреудің оны зорламақ болғанын, салдарынан ұрып-соққанын жазған болатын.

"Осы іс туралы айтқым келеді, себебі маған моралдық және физикалық зақым көрсетілді. Біздің полицейлер мені кінәлі етіп шығарғанын қаламаймын", - дейді Лаура.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 10 мамырға қараған түні болған. Сол күні 8 адам отырыс ұйымдастырған. 

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша денсаулыққа келтірілген зақым деңгейі анықталады. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") сотқа дейінгі тергеу басталды. Зардап шеккен қыздың өзі де жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, отырыста болған барлық адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады", - деді полицейлер.

Зардап шеккен қыздың өзі төтенше жағдай режимін бұзғанын мойындап отыр және ол жауапкершілік тартатынын айтады. Бірақ ер адамның да жазаланғанын қалайтынын айтады.

Лаураның адвокаты Жанар Шапагұлованың айтуынша, зардап шеккен қыз Қытайда жұмыс істейді. Карантин кезінде Қостанайға келген.

Лаура айыптап отырған ер адам болса қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети