Qazkom мен "Халық банкі" сатып алу-сату шартын дайындап жатыр - Ақышев

24 Мамыр 2017, 12:12
0
Qazkom мен "Халық банкі" сатып алу-сату шартын дайындап жатыр - Ақышев -

"Казкоммерцбанк" АҚ пен "Қазақстан Халық банкі" АҚ арасында сатып алу-сату шарты дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 2 наурызында Халық банк "Казкоммерцбанк" АҚ-тың бақылау пакетін алу туралы Меморандумға қол қойды.

"Қазіргі уақытта тараптар Меморандумда көрсетілген келіссөздерді жүргізіп жатыр. Олардың ішінде активтердің сапасының кешенді тексеруі, сатып алу-сату шартына қол қоюға дайындық және басқа да құжаттар бар", - деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Халық банкінің" басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова егер келісімшартқа қол қойылса, "Халық банкі" Казкомды сатып алатынын айтқан болатын. "Процесс аяқталуға жақын. Қазір кей сандарды ғана нақтылап жатырмыз. Бұл қиын да, күрделі мәселе. Мемлекеттік ресурстар, сырттан кеңесшілер, аудиторлар, инвест-банкирлер тартылып жатыр. Сонымен бірге, бұл мәселені талқылауға Ұлттық банк те қатысып отыр. Ары қарай не боларын көреміз", - деген еді Шаяхметова. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай