Банк активтері 24,5 триллион теңгеге жетті

27 Қараша 2018, 14:22
0
©Амир Абдулхаимов
©Амир Абдулхаимов

Қазақстан банктерінің активтері 2018 жылдың қазан айының соңында 24,5 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл биыл болған ең жоғарғы көрсеткіш. Ал ең төменгі көрсеткіш мамырда тіркелген - 23,5 триллион теңге. Былтыр жылдық динамикада ҚР екінші деңгейлі банк активтерінің жалпы көлемі төмендегеннен кейін қайта қалпына келіп, 1,2 пайызды көрсетті.

Сарапшылардың мәліметінше, бір жыл бұрын активтер көлемі 4,6 пайызға азайып, 24,3 триллион теңгеге жеткен. 

Алдыңғы орында First Heartland Bank 7,8 есе өсім мен 176,7 миллиард теңгемен тұр. Екінші деңгейлі банктердің үлесі 0,1-ден 0,7 пайызға өсті. 

Кейін Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкі 2,5 есе жылдық өсіммен және 192,8 миллиард теңгемен тұр. Банктің үлесі 0,3-тен 0,8 пайызға дейін өсті.

Үздік үштікті аяқтайтын Шинхан Банктің активтер көлемінің жыл сайынғы өсімі 78,3 пайызға және 48,2 миллиард теңгеге жетті. Оның үлесі 0,1-ден 0,2 пайызға дейін өсті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай