"Бізде делдал жоқ" - вице-министр газ бағасы туралы

20 Қараша, 17:10
0
"Бізде делдал жоқ" - вице-министр газ бағасы туралы -

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Нұр-Сұлтан қаласын газдандырудың бірінші кезеңі аясында газ бағасын белгілеу туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

М. Жүребеков хабарлағандай, тұтынушылар үшін түпкі баға астанада үш негізгі факторға байланысты түзіледі. Біріншісі, жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу бағасы, ол бойынша батыс кен орындарынан, Теңіз газдан газ алу жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе кен орны топтамасы. Бағасын Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірлесіп реттейтін болады. 

"Екінші бөлігі - газ тасымалдау. Газ "Бейнеу - Бозой - Шымкент" газ құбыры арқыл тасымалданатын болады. Онда біздің тариф анықталған және одан жоғары жаңа газ құбыры бойынша жоғары көтеріледі. Бағаға әсер ететін үшінші фактор, газ тарату желілерін жұмсалатын шығындар. Олар бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан ықпалы аз болады. Тек, желілерге қызмет көрсету тарифі болады. Бағаға ықпал ететін негізгі фактор - 267 миллиард теңге қаржы жұмсалған жаңа газ құбырының тарифі", - деді энергетика вице-министрі.

Жүребековтың айтуынша, пайдалануға берген соң құрылыс ұйымы газ құбырын әрі қарай пайдалану үшін "Интергаз Орталық Азия"-ның басқаруына тапсырады, бұл компания "ҚазТрансГаз" ұлттық операторының еншілес құрылымы. 

"Одан соң компания Ұлттық экономика министрлігінде тарифін қорғайтын болады. Тариф бекітілген соң елордадағы көтерме бағасы анықталады, соны ескерумен тұтынушы үшін бөлшек бағасы есептеледі. Біздің газ құбыры пайдалануға берілетін күнді күтпейтінімізді айтқым келеді. 13 қараша күні ҚР премьер-министрінің төрағалығымен кеңес өтті. Жұмыс тобы құрылды, ай соңына дейін газ бағасы бойынша нұсқалар ұсынылатын болады", - деді ол.

Жүребековтің айтуынша, құны көмірден арзан болмайды, дегенмен, газ елорда мен басқа облыстарда энергияның дизель, мазут деген сияқты басқа баламалы көздеріне қарағанда, арзан болады.  

"Бізде делдал жоқ, бағаны жер қойнауын пайдаланушылардан "ҚазТрансГаз" АҚ ұлттық операторы сатып алып, халыққа жеткізеді. Біз қазірдің өзінде тұтынушыға осы бағаны анықтау үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Бүгін бізде бағаның көптеген нұсқалары бар. Айта кетерлігі, ең төменгі баға нұсқасы таңдалады, бұл біздің мақсатымыз - бағаны халық үшін қолжетімді және арзанырақ ету", - деп қорытындылады энергетика вице-министрі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай