27 қазан 2016 13:52

Еуропа қайта құру және даму банкі қазақстандық бизнесті қолдауға 8,61 миллиард теңге бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпкерлігі мен әйелдер бизнесіне 8,61 млрд теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпкерлігі мен әйелдер бизнесіне 8,61 млрд теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай үш жақты келісімге Астанада "Бәйтерек" Холдингінде ЕҚДБ бірінші Вице-Президенті Фил Беннетт, "ЦентрКредит Банк" АҚ Төрағасы Владислав Ли және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қол қойды.

ЕҚДБ бөлген қаржының екінші траншының жалпы сомасы 8 млрд 610 млн теңгені құрайды. Қаражат "Даму" Қорының кепілдігімен "ЦентрКредит Банк" АҚ бөлінеді. Оның ішінде микро, шағын және орта кәсіпкерлік саласына ЕҚДБ 6 млрд 750 миллион теңге, "Бизнестегі әйелдер" жобасына 1 миллиард 860 миллион теңге бөледі.

Микро, шағынжәне орта кәсіпкерлік пен "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша несиелеу талаптары: несие 900 миллион теңгеге дейін беріледі; несиелеу мерзімі 12 айға дейін; сыйақы мөлшерлемесі жылына 16 пайыз; мақсаты - микро, ШОБ несиелеу; валютасы - теңге.

"Бизнестегі әйелдер" бағдарламасының талаптары бойынша несие алушы кәсіпорынның жарғылық капиталында әйел кәсіпкердің қатысы 50 пайыздан кем болмауы және әйел басқаруы тиіс. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде қызмет етуі керек. Несие салалық шектеусіз беріледі.

Сондай-ақ, несие қаражатының кем дегенде 60 пайызы Қазақстанның өңірлеріндегі жобаларды қаржыландыруға, қалған бөлігі Астана мен Алматы қалаларына бөлінеді.

"ЕҚДБ тұрақты және инклюзивті экономика құруға басымдық береді. Көптеген микро,  шағын және орта кәсіпорындарға тіркелген жері бойынша қаржыға қол жеткізу – шешуші фактор. Бүгінде әріптестерімізбен бірге кәсіпкерлерге қолдау көрсететінімізді, шағын кәсіпорындардың қаржы көздеріне қол жеткізулеріне сеп болып, әрі қаражатты төл валютасында алуларына  жағдай жасайтынымызды мәлімдеу бізге үлкен қуаныш сыйлайды", - деді ЕҚДБ бірінші Вице-Президенті Фил Беннетт.

"Өткен жылы ЕҚДБ "Даму" Қорының кепілдігімен «Бизнестегі әйелдер»  бағдарламасына  ЦентрКредит Банкі арқылы 3,7 млрдтеңге бөлген болатын. Бірінші транш 1,8 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде 86 кәсіпкер әйел 2,1 млрд теңгеге қаржыландырылған еді. Әйел кәсіпкерлер балабақшалар ашуда. Мысалы Қызылордада 2 балабақша ашылды. Сондай-ақ нәзік жандар күнделікті киетін және арнайы қызмет өкілдеріне киім тігумен де айналысады. «Болашақ» Арнайы киім үйі» күш құрлымдарымен әскери киім тігу үшін 133 млн теңгеге шарттасты. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер әйел жылына 72 мың өнім өндіретін,елдегі жалғыз әрі тұңғыш пластиктен ойыншық шығаратын зауыт ашты. "Дана" Фирмасы" ЖШС стеклопакеттер шығаруда алда келеді. Кәсіпорын мемлекет бюджетіне соңғы 5 жылда 410 млн теңге салық түсірген. Сондықтан "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы мен әйелдерді қаржыландыруға арналған біздіңбасқа да бағдарламаларымыз кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Микро бизнеске келер болсақ, ЕҚДБ бөлген бұл қаржы осы  нарықтың дамуына үлкен серпін береді»,-деді "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.

"Біз Еуропа қайта құру және даму банкі мен "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту" Қоры секілді  байырғы әріптестерімізбен арадағы көпжылдық байланысты бағалаймыз. Бұлар екінші деңгейлі банктердің экономиканың көптеген салаларындағы клиенттеріне қажетті қаржылық қолдау көрсетуіне мүмкіндік жасайды. ЕҚДБ-мен әріптестік - Қазақстан экономикасына деген инвесторлар сенімі мен инвестициялық тартымдылықты сақтаудың айқын",-деді "ЦентрКредит Банк" АҚ Басқарма төрағасы Владислав Ли.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети