Халық банкі Qazkom-ды сатып алды: Шаяхметова менеджменттің жаңа міндеттерін атады

05 Шілде 2017, 13:47
0
Халық банкі Qazkom-ды сатып алды: Шаяхметова менеджменттің жаңа міндеттерін атады - © REUTERS
© REUTERS

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ-тың 96,81 пайыз акцияларын иелену кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаржы институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, сатып алу-сату шарттары 2017 жылдың 15 маусымында жасалған.

Банк акцияның 86,09 пайызын Кеңес Рақышевтан алса, қалған 10,72 пайызын "Самұрық-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат Қоры" АҚ-тан алған.

Мәміле алдын ала бірқатар шарттар орындалғаннан кейін өз мәресіне жетті, соның ішінде:
- Халық банк және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тарапынан кешенді тексерістің жүргізілуінің аяқталуы
 - Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін "Қазкоммерцбанк" АҚ акциялар пакетін Рақышев мырза сатып алуы;
- Қазкоммерцбанк алдындағы БТА Банкінің толық қарызының өтеуі;
- Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы;
- 2014 жылғы келісім бойынша Қазкоммерцбанк АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ алдындағы БТА АҚ акциялары үшін 41 миллиард теңге қарызын өтеуі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық банк келісімімен Халық банк Казкоммерцбанктің меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін салыстыруға болатын қазақстандық банктер ұстанатын мәндерге сай келтіру үшін Казкоммерцбанкті 185 миллиард теңгеге қосымша капиталдандыратыны жоспарланып отыр.

Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова да осы мәмілеге қатысты өз пікірін білдірді.

"(...) Бұл ретте айта кету керек, Халық банк Қазкоммерцбанк АҚ кешенді тексеру бойынша жан-жақты теңдесі жоқ бірегей жұмыс ұйымдастырғандығы мәміленің сәтті аяқталуына жетеледі. Қазкоммерцбанктің жаңа менеджменті алдына акционерлердің тарпынан әзірлеу және жүзеге асыру, Halyk Group шеңберінде банктің даму стратегиясын құру міндеттері қойылды, бұл әрекеттердің барлығы топ деңгейінде өсуі мен акионерлік құнның жоғарылауын қамтамасыз етеді. Біз IТ-технология саласын дамытуды жалғастырып, клиенттерді кредиттеуді қайта бастап және Казкоммерцбанк кәсіби кадрларды сақтап қалуға, клиенттік сервистің сапасын жақсартуға бар күш-жігерімізді саламыз", - деді Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Казкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылдың 3 шілдесіндегі шешімімен басқарманың 10 мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғаны жайлы хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай