25 қазан 2021 15:29

Қазақстанда базалық мөлшерлеме бір жылда қатарынан үшінші рет өсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 9,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 9,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,75 пайыз болады.

"Шешім экономикада сақталып отырған инфляцияға қарсы қысым аясында қабылданды, оның нәтижесінде инфляция 2021 жылы 7,5-8,5 пайыз болжамды ауқымнан, әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуінен, сауда әріптес елдердегі инфляцияның жеделдеуінен және ел ішіндегі жоғары инфляциялық күтулерден жоғары қалыптасады", - делінген хабарламада.

Ведомство сыртқы инфляциялық ахуал қолайсыз екенін айтты. Бұл әлемдегі азық-түлік бағасының жоғары болуына, жеткізілім қатарының үзілістеріне, тасымалдау, шикізат пен энергия тасымалдаушылар құнының өсуіне, сондай-ақ ішкі сұраныстың қалпына келуіне байланысты. ФАО азық-түлік бағаларының индексі 2021 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының барлық шағын топтарына бағаның артуы нәтижесінде жылдық нәтижеде 32,8 пайызға өскен.

"Негізгі сауда әріптес елдердегі инфляция жоғары деңгейде қалып отыр. Қытайда көмір мен энергияны көп қажет ететін салалар өніміне бағаның жоғарылауы нәтижесінде өндірушілер бағасының индексі 10,7 пайызға дейін өсті. Биылғы жылғы қыркүйекте ЕО-да жылдық инфляция 3,6 пайызға дейін, Ресейде – 7,4 пайызға дейін жеделдеген.

Қазақстанда 2021 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция 8,9 пайыз болы. Үдеу барлық құрамдас бөліктерде байқалады. Тамақ өнімдеріне бағаның өсуі (8,9 пайыздан) жылдық инфляцияның жеделдеуіне негіз болды", - делінген хабарламада.

Азық-түлік инфляциясы жеміс-көкөніс өнімдері бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан, 2021 жылғы қыркүйекте жылдамдауын жалғастырып, жылдық мәнде 11,5 пайыз болды. Жемшөп дақылдары, дизель отыны, электр энергиясы және бидай бағасының көтерілуі кезінде өндірушілердің өзіндік құнының өсуі нәтижесінде ет (10,3 пайыз), нан-тоқаш (8,7 пайыз) және сүт өнімдері (8 пайыз) бағасының жылдық өсуі азық-түлік инфляциясының жеделдеуіне негізгі серпін болды. Әлемдік бағаның өсуі қосымша инфляцияға қарсы қысым көрсетеді. Мәселен, 2021 жылғы қыркүйекте етке ФАО индексі жылдық мәнде 26,3 пайызға дейін, сүт өнімдеріне 15,2 пайызға дейін өскен, ал бидайға әлемдік бағаның өсуі 41 пайыз болды.

Ақылы қызметтер инфляциясы 2021 жылғы қыркүйекте 6,8 пайызға дейін жылдамдады. Динамика реттелетін қызметтер бағасының – 5,6 пайызға, білім беру қызметтері бағасының – 8,4 пайызға және тұрғын үйді жалға алу бағасының 18,6 пайызға өсуіне негізделген. Реттелетін қызметтер арасында қыркүйекте электр энергиясы бағасының 8,3 пайызға және сұйытылған газ бағасының 6,4 пайызға өсуі байқалған.

"Инфляциялық күтулер жоғары деңгейде сақталған. Бұл ретте, 2021 жылғы шілде-тамызда тіркелген ең жоғары мәндерден біртіндеп төмендеу байқалады. 2021 жылғы қыркүйекте бір жыл бұрынғы инфляцияны сандық бағалау өсіп, 9,0 пайыз болды. Инфляция қарқынының жылдамдауын және сақталуын күтетін респонденттердің үлесі 59 пайызға дейін төмендеді (тамызда – 61,5 пайыз). Өткен айда баға серпінінің бағалауында бағаның өте жоғары өсуін атап өткен респонденттердің үлесі де шілдедегі ең жоғары көрсеткіштен төмендеп, 52 пайыз (шілдеде – 65,7 пайыз) болды", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Хабарламаның толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк Қазақстанда базалық мөлшерлеме 9,25 пайызға дейін өскенін хабарлаған болатын, кейін оны 9,5 пайызға дейін көтеруге шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети