26 сәуір 2023 12:41

Қазақстанда екі жаңа банк пайда болады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда екі жаңа банк пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда екі жаңа банк пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысы кулуарында Мәдина Әбілқасымова екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банкке айналуға ниет білдіргенін айтты.

"Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Бұл KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Олардың үлкен портфельдері бар, банкке айналуға мүмкіндік беретін капиталдың жеткіліктілік деңгейі бар", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети