09 желтоқсан 2022 15:01

Қазақстандық банктер "МИР" карталарын қабылдауға рұқсат алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операциялар жүргізуге рұқсат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.


Қазақстандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операциялар жүргізуге рұқсат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі - Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алған, онда америкалық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді.

"Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны айтылған", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізген.

"Осылайша, қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети