Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді

04 Қыркүйек 2015, 10:26
0
Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді - © Yvision.kz
© Yvision.kz

Әнші Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Іnstagram парақшасында "Аллаһ ұлық! Қызды болдым! @moldir_serikbaeva алғысым шексіз! Дендерің сау болсын!", - деп жазды.

Айта кетейік, әншінің бұл екінші қызы. Мөлдір есімді арумен 2010 жылы отау құрған Алмастың бұдан басқа тағы бір қызы бар. Оны әншінің анасы Зере деп атаған.

Алмас Кішкенбаев Super Star KZ жобасының алғашқы жеңімпазы. Қызылорда қаласында дүниеге келген ол әншілікпен бала кезінен айналысып келеді. Шығармашылық өмірге қадам басқан алғашқы жылдары ол Ләйлә Сұлтанқызының продюсерлік орталығында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Алмас Кішкенбаев "Қазақстан дауысы" жобасында тәлімгер болып жүр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай