Алматыда "Күз дауыстары" тұңғыш мультимедиялық сазды думаны өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Қазына" вокал ансамблі. "Қазына" вокал ансамблі.

Алматыда дәстүрлі көмей әуенін, академиялық вокал мен этникалық және электронды музыканы біріктіретін тұңғыш мультимедиялық сазды думан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әсерлі кеш оңтүстік астанада бұрын-соңды болған емес. Думанның дыбыстық бөлігі австриялық мамандар дайындаған визуалды эффектілермен көмкерілмек.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дәстүрлі көмей әуенін, академиялық вокал мен этникалық және электронды музыканы біріктіретін тұңғыш мультимедиялық сазды думан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әсерлі кеш оңтүстік астанада бұрын-соңды болған емес. Думанның дыбыстық бөлігі австриялық мамандар дайындаған визуалды эффектілермен көмкерілмек.

Музыкалық думанның басты кейіпкері - тувалық көмей әншісі, мультиинструменталист Радик Тюлюш, ол қазақстандық диджей Нариман Исеновпен және "Қазына" вокал тобымен бірге өнер көрсетеді.

Tengri FM радиостанциясының креативті редакторы Сергей Майбороданың айтуынша, "Күз дауыстары" думанын бір сөзбен "арман" деуге болады. "Сіз армандаған кезде қайталанбас бейнелер туғызатын күздің ұшқан жапырақтары ойға келеді, жер жүзімен алыстағы жұлдыздарға ұмтыласыз, олар тамаша дыбыстар мен күзгі дауыстарға жетелейді. Мұндай күз әркімнің қиялында бар. Біз әрбір адам "Күз дауыстары" думанының арқасында күзді өзінің арман-қиялы арқылы көре білгенін қалаймыз", - дейді Майборода.

"Қазына" вокал ансамблінің жетекшісі Ғалымжан Берекешевтің айтуынша, мұндай музыкалық тәжірибе Қазақстанда тұңғыш рет жасалады. Мұндағы нөмірлер жанрлардың әралуандығымен ерекшеленетін болады. "Бір шығарма философияға жетелейтін, мейлінше тереңірек болса, екіншісі мағынасы мен жанры жағынан айтарлықтай жеңілдеу болады", - дейді топ жетекшісі.

Шараны The Spirit of Tengri жобасы аясындағы ауқымды да әсерлі концерттерімен танымал Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырып отыр. 

Еске сала кетейік, Tengri FM радиосы Алматы тарихындағы ең ірі думандардың бірін 2014 жылдың маусым айында Республика сарайы алдындағы алаңда өткізген болатын, жеті сағатқа созылған қазіргі заманғы этникалық музыканың халықаралық фестиваліне оңтүстік астананың сегіз мыңнан астам тұрғыны мен мейманы келді.

Tengri FM-нің бас продюсері Жан Қастеев тұңғыш мультимедиялық музыкалық думанды тыңдап та, тамашалап та ләззат алуға болатынын айтты. "Біз үшін бір қарағанда үйлеспейтіндей көрінетін жанрлардың симбиозын жасау үлкен абырой болды. Мұнда дыбыстар ғана емес, сонымен бірге, теңдесі жоқ визуалды қойылымдар да ұсынылады. Көрермен оқиғаның ортасында болады, іс-әрекет оның төңірегінде өрбиді. Алаң бұл жағынан бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр", - дейді Қастеев.

Айта кетейік, концерт өтетін Space галереясының әсерлі визуалдық көркем шешімдермен жабдықталғаны туралы бұрын хабарланған болатын. Онда экрандар барлық периметр бойынша орналастырылған, сондықтан бейнелер панорама форматымен ауада сұлбалана көрінбек. Залда Elacustic аудиожүйесі бар қазіргі заманғы жарық беру жабдығы да орнатылады. Көрермендер безендірулермен, жарықтың көмегімен жасалатын ғаламат атмосфераға енеді.

"Күз дауыстары" думаны өтетін Space мультимедиялық галереясы Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығының үшінші қабатында орналасқан. Концерт 3 қазан күні сағат 20.00-де басталады. Билеттер "Меломан Grand", "Меломан Mega" және "Меломан Dostyk Plaza" дүкендерінің кассасында саудаға шығарылды. Анықтама телефоны: 8 (727) 3 888 155. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer