Әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа топ ашты

20 Желтоқсан 2017, 10:00
1
Әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа топ ашты - © instagram.com/moldir.auyelbekova
© instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші, "КешYou" тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова "Назар" атты жаңа топ ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісінде жазды. 

"Ал, таныс болыңыздар! Менің жобам "NAZAR" тобы! Ресми парақшамызға @nazar_officialpage @nazar_officialpage қосылып, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар! Сәттілік серігіміз болғай!", - деп жазды әнші.

Топта төрт қыз бар. Олардың есімдері Анель, Еркежан, Салтанат, Аяжан (суретте солдан оңға қарай). Жаңа топтың директоры Азамат Алтынбековтің айтуынша, әзірше топ солистері жайлы мәлімет құпия ұсталып отыр екен. Жуырда топ ресми түрде таныстырылады. Әуелбекованың директоры Меруерт Әуелбекованың айтуынша, бұл әншінің алғашқы продюсерлік жұмысы. Алайда ол да топ жайлы мәліметтер туралы ресми таныстырылымға дейін тіс жарып айтпайтынын мәлімдеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай