01 қараша 2014 22:41

"Астана Опера" театры Торонтода өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Астана Опера" ©"Астана Опера"

"Астана Опера" театры Торонотода өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың апарған концерттік бағдарламасы канадалық көрерменге сәтті ұсынылып, олар тіпті әртістерді жібергісі келмей, атақты Sony Centre қақпасына дейін автобусқа отырғызу үшін шығарып салды.


"Астана Опера" театры Торонотода өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың апарған концерттік бағдарламасы канадалық көрерменге сәтті ұсынылып, олар тіпті әртістерді жібергісі келмей, атақты Sony Centre қақпасына дейін автобусқа отырғызу үшін шығарып салды.

Концерт алдында өткен баспасөз мәслихаты кезінде тілшілер астаналық театрдың техникалық жабдықталуы, "Астана Опера" репертуарындағы әлемдік деңгейдегі қойылымдар, билет құны жайында көп сұрақ қойды. Театр директоры Төлеген Мұхамеджанов бірегей сәулет құрылысының ерекшелігі жайлы айтып, сонымен қатар, Қазақстанға жаңа өнер ордасын жасағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Ол Қазақстанға келіп, "Астана Опера" театрына қонақ болуды ұсынды. Сонымен қатар, театрға кіру билет құнын көрерменге лайықтап отырғанын және оны 2 доллар 80 центтен бастап сатып алуға болатынын айтты.   

"Канадада қазақстандық халықтың қандай дарынды екенін, мәдениетінің көпқырлы екенін біледі, бірақ оқып, естіген бір басқа да, осындай кәсіби ұжымды, симфониялық оркестрді, хорды, "Астана Опера" театрының керемет солистерін өз көзімен көру бір басқа. Менің ойымша, қазақстандық мәдениеттің грандтарын шақырудан басталған мәдениет саласындағы даму екі жақты қарым-қатынасқа пайдасын тигізеді. Экономиканы, саяси байланыстарды дамыту аздық етеді, сонымен қоса халықтық дипломатияны да, мәдени байланыстар саласындағы әріптестікті де дамыту қажет. Бұл Канадамен мәдениет саласындағы жасаған байланысымыздың бірінші, маңызды, ірі қадамы. Осы жағдайда: "Ең ұзақ жол бірінші қадамнан басталады" деген мәтелмен жүреміз деген үміттемін", - деді Канададағы Қазақстан елшісі Константин Жигалов.

Концерт кезінде әртістер мазмұнды бағдарлама ұсынды, оған қазақтың ұлттық музыкасы мен әлемнің опералық өнер жауһарлары кірді. Бұл өнер көрсету труппа үшін күрделі болды, себебі тығыз кестеде репитицияға уақыт болмаған еді, әйтсе де концерт сәтті өтті. 

Көрермендер арасында Канададағы қазақ диаспорасы да болды. Торонто қаласының тұрғыны Софья Седельникова әлемнің көптеген елінде болғанын, атақты оркестрлерді тыңдағанын, бірақ дәл мұндай керемет әсер ала алмағанын айтты: "Бұл кеш бір сәтте өтіп кеткендей", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети