20 ақпан 2020 09:19

Белгісіз біреулер америкалық танымал рэперді атып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BACKGRID © BACKGRID

Лос-Анджелесте америкалық рэп-орындаушы Pop Smoke кісі қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды TMZ


Лос-Анджелесте америкалық рэп-орындаушы Pop Smoke кісі қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды TMZ

19 ақпанда таңда әртістің жалға алған коттеджіне бетперде киген бірнеше адам кіріп келген. Олар үйде атыс шығарып, тығылып қалған. 20 жастағы әншіге бірнеше оқ тиген. Оны ауруханаға жеткізгенімен, сол жақта қайтыс болды. 

Нұсқалардың бірі бойынша, бір топ адам рэперді тонамақ болмақ. Ал тағы бір нұсқа бойынша, бұл бандамен байланысты болуы мүмкін. 

Полициядағы дереккөздің мәліметінше, үйге шабуыл жасалмас бұрын онда сауық кеші өткен. Қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын Pop Smoke әлеуметтік желіде досымен түскен суретін жариялаған. Фотода досы бірнеше бума долларды ұстап тұр. 

Басылымның мәлімдеуінше, Pop Smoke трагедиядан бірнеше сағат бұрын Instagram желісінде абайсызда өзінің мекен-жайын көрсетіп қойған. Оның парақшасынан мекен-жайын көрген бір топ адам әншіні тонамақ болғанға ұқсайды. 

Pop Smoke-тің шын есімі - Башар Джексон. Музыкант 2019 жылы Welcome To The Party синглымен танылған. Әннің клипі YouTube-те 23 миллион қаралым жинаған. 

Хиттерінің қатарында Dior және Christopher Walking секілді әндер бар. Наурыздың басында Pop Smoke алғашқы үлкен турына аттануды жоспарлап отырған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети