Димаш Құдайберген "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алды

Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов Қытай елінен хабарлады. Осы байқаудың номинациясын жеңіп алғаннан кейін, Димаш "Ұмытылмас күн" әнін орындады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов Қытай елінен хабарлады. Осы байқаудың номинациясын жеңіп алғаннан кейін, Димаш "Ұмытылмас күн" әнін орындады. 

"Ассалаумағалейкүм құрметті барша өнер сүйер қауым, сіздерге шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, осынау керемет кештің ұйымдастырушылары және мені қолдап демеушілік еткен барша жақындарым сонымен қатар өзімнің командама шын жүректен рақметімді білдіргім келеді", - деді Димаш сахна төрінде.

 

❤️Part 2❤️#dimash #DQ #singer #dimashkudaibergenov #thesingerdimash #dears

Публикация от zhongxindeying (@zhongxindeying)

Осыған дейін, қазақстандық әнші әлеуметтік желіде осы байқаудың номинанты болғанын жарилаған еді, "Shenzhen қаласы "17th Top China Awards" - тың ресми кілемінен өттім. Бүгін "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясынан үміттімін! Мені қолдап келген барша құрметті жанкүйерлерім, Dears, Сіздерге мың раxмет!!! ❤️", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында. 

"Сүйінші!!! Достар!!! 17th China Music Awards шарасында Димаш Құдайберген @kudaibergenov.dimash "Халықаралық деңгейдегі әнші" жүлдесіне ие болды!!! Құтты болсын!!! Досыыыыыыыыыыым, жеңіс құтты болсынннннн!!!, - деп жазды Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

 Айта кетейік, 4 сәуірде Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети