07 ақпан 2017 14:06

Димаш Құдайберген досы Тан Цзиннің анасымен бірге қалай тұшпара жасағанын әңгімелеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kudaibergenov.dimash © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген I am Singer жобасында қарсыласы болған Тан Цзин есімді әнші қыздың үйіне қонаққа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.


Әнші Димаш Құдайберген I am Singer жобасында қарсыласы болған Тан Цзин есімді әнші қыздың үйіне қонаққа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.

Айуынша, ол Қытайда көп дос тауыпты. "I am Singer жобасында көп таныс, достар таптым! Әр бір танысымның ыстық ықыласы, маған деген ниеті ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қарсыласым болса да, қонақжайлығын көрсетіп Тан Цзин Бейжіңдегі үйіне қонаққа шақырды. Тан Цзин қытайдың атақты әншісі, көптеген xалықаралық байқаулардың жеңімпазы! Ата-анасы да өнерден ауылы алыс емес. Дастарxан басында бірге ән шырқап, әдемі тілектер айтып, қызықты әңгіме-дүкен құрдық", - деп жазды әнші.

"Менің xалал тағам ғана жейтінімді білген Тан Цзиннің анасы сиыр етінен дайындалған тұшпара дайындады. Тіпті, бір-екеуін өзін де істеп көр деп ұсыныс білдірді. Әрине, менен мықты аспаз шықпас, бірақ қолымнан келгенше тырыстым! Тан Цзиннің отбасы, ата-анасымен танысқаныма қуаныштымын, керемет жандар!
Десек те, өз Анамның дайындайтын тамақтарын сағынып кеттім!", - деп әңгімеледі Димаш Құдайберген.

Ал осыған дейін Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен кездескен болатын. "Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп жазған еді әнші.

Сонымен қатар, ол өз кезегінде актердің соңғы Kung Fu Yoga кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткенін айтты. Айтуынша, бала кезінен бері келе жатқан сүйікті актері оған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығын бақылайтынын жеткізген. "Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!", - деп жазды Димаш Құдайберген.


© instagram.com/asharimov

Алпамыс Шаримов, Джеки Чан және Димаш Құдайберген


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Еске салайық, Димаш Құдайберген үшінші кезеңде аты аңызға айналған Queen тобының The Show Must Go On әнін орындаған еді. Ал екінші кезеңде Құдайберген есейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети