Димаш Құдайбергеннің әні Freshasia music рейтингінде топ жарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы "Singer - 2017" байқауының Х турында қазақ-қытай тілінде орындаған "Ұмытылмас күн" әні "Азияның жаңа әндері" (Freshasia music) рейтингінде І-орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық әнші таяуда Шэньчжэнь қаласында өткен "17th Top China Awards" байқауында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алғаннан кейін, Димаш осы "Ұмытылмас күн" әнін орындаған болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы "Singer - 2017" байқауының Х турында қазақ-қытай тілінде орындаған "Ұмытылмас күн" әні "Азияның жаңа әндері" (Freshasia music) рейтингінде І-орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық әнші таяуда Шэньчжэнь қаласында өткен "17th Top China Awards" байқауында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алғаннан кейін, Димаш осы "Ұмытылмас күн" әнін орындаған болатын. 

Жаңа рейтингте Димаштың "Ұмытылмас күн" әні 118 400 ұпай жинап І- орын, "Battle of Memories" киносының саундтрегі "Memories That Can’t Take Away" әні 115029 ұпаймен ІІ-орыннан көрінді. 

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

Айта кетейік, 4 сәуірде Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro