Димаш Құдайбергеннің ата-әжесінің алтын тойына министр мен облыс әкімі қонақ болды

29 Қаңтар 2018, 11:55
0
Димаш Құдайбергеннің ата-әжесінің алтын тойына министр мен облыс әкімі қонақ болды - Бердібек Сапарбаев пен Арыстанбек Мұхамедиұлы. © instagram.com/aigan_zholdasova
Бердібек Сапарбаев пен Арыстанбек Мұхамедиұлы. © instagram.com/aigan_zholdasova

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесінің отау құрғанына 50 жыл толуына орай өткен алтын тойға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр бала Димашты ата-әжесі Құдайберген мен Миуаның үш айлық кезінен бауырына басып, тәрбие бергенін айтып өтті.

"Достарым, қазақ өнерін бүкіл әлемге паш етіп жүрген Димаштың ата-әжесі Құдайберген ағамыз мен Миуа апамыз шаңырақ құрғандарына жарты ғасыр болыпты. Алтын тойға шақыру алғасын Ақтөбеге арнайы құрметімізді білдіруге келдік. Осыдан елу жыл бұрын Алматыда студент кездерінде бас қосқан екеуі жұптары жазылмай, үлгілі отбасы болып, бала сүйіп, немере қызығын көріп отыр. Ата-әжесі Димаштың ата-анасы студент болғасын тұңғыш немерелерін үш айлығынан бауырларына басып, өздері өсірген, оның өнерлі, тәрбиелі болып өсуіне тікелей атсалысқан. Миуа апамыз Димашты бес жасында музыка мектебіне өзі жетектеп апарыпты. Тұңғыш немерелерінің соңынан ерген он алты жасар Раушан мен он жастағы Әбілмансұрды ата-әжесінің жақсы көретіні сөзсіз, бірақ олар үшін Димаштың орны бөлек", - деп жазды Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында.


© Facebook/Арыстанбек Мұхамедиұлы


© instagram.com/aigan_zholdasova

Министр той иелеріне ұзақ ғұмыр мен денсаулық тіледі. "Мұхтар Әуезовтің "Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе" деген нақыл сөзі бар. Димаш ата-әжесінің түзу бесігінде, бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсті. Қазақ тілінің қайнар бұлағынан, ұлттық өнердің бастауынан қанып ішкен Димаштың әлемдік өркениетке терең бойлағаны – отбасының тәлім-тәрбиесі, өнегесі. Мерейтой иелерін Алтын тойларымен шын жүректен құттықтап,мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Елімізде осындай үлгілі, өнегелі, баланы ұлттық салт-дәстүр аясында тәрбиелейтін отбасылар, Димаштай өнер иелері көбейе берсін!", - деп жазды министр.


© instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Ал Қанат Айтбаев Instagram желісіндегі парақшасында әкесі мен шешесінің 50 жыл бұрын үйлену тойында түскен суретін жариялады. "Елу жыл бұрын. Əкем Құдайберген мен анам Миуаның үйлену тойынан естелік сурет. Алматы қаласы. 1968 жыл", - деп жазды жеке мұрағат суретін жариялаған ол.

Еске салайық, кеше ғана Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір сыйлық жеңіп алған еді. Әнші Global Golden chart Awards марапатында "Үздік əртіс"аталымы бойынша жеңіске жетті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай