24 желтоқсан 2020 10:20

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі ресми арнасында "Я скучаю по тебе" ("Мен сені сағынып жүрмін") композициясының жаңа бейнебаяны шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі ресми арнасында "Я скучаю по тебе" ("Мен сені сағынып жүрмін") композициясының жаңа бейнебаяны шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желтоқсанның басында Димаш НТВ телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасында "Я скучаю по тебе" әнін алғаш рет орындаған еді.

Жаңа композиция ресейлік продюсер Игорь Крутой мен композитор Игорь Николаевтың жұмысының нәтижесі болып саналады.

Димаш бұл әнді сүйікті жанкүйерлеріне арнағанын, олармен ұзақ уақыт бірге болмаған сәтті терең ойымен бөліскісі келетінін атап өтті.

Жаңа композиция - әншінің әр жанкүйеріне жеке үндеуі. Онда Димаш оларды қатты сағынып жүргенін көрсетеді.

Клипті ресейлік режиссер Евгений Курицын түсірген. Ол "Я скучаю по тебе" әніне бейнебаян түсіретінін естігенде басты кейіпкердің эмоциясы мен уайымын көрсету маңызды екенін түсінген.

Алғашында клипті ашық кеңістікте түсіру жоспарланған. Алайда желтоқсан жақындаған сайын бұл идеяның жүзеге асуы қиындай түскен. Евгений ауа райын бақылай отырып, әндегі атмосфераны толығымен беру қиын болатынын түсінген. Сондықтан клипті хромакейде (жасыл экранда) түсіру туралы шешім қабылдаған.

Сондықтан клипте қала, теңіз жағалауы, көпір және басты кейіпкердің үйі көрсетіледі. Бейнебаяндағы шөл дал кейіпкердің сүйіктісін қаншалықты сағынып жүргенін бейнелейді. Оның сүйіктісі клипте көрінбейді. Оны тек үйдегі суреттерден ғана көруге болады. Бұл да айырылысуды еске салады.

Евгений Курицын бейнебаянды түсіру өте оңай болғанын, топ үйлесімді жұмыс істегенін атап өтті.

Димаш клиптің концепциясымен танысып, 2-3 дублді жасаған соң, шығармашылық топ клипті түсіруге кіріскен.

"Димаш өзіне талапшыл, міндетін толық орындайды. Ол әр дублге мұқият қарап, картинаға көбірек эмоция беру керегін түсініп отырды. Менің ойымша, ол қажет атмосфераны өте жақсы жеткізе білді", - дейді режиссер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети