23 мамыр 2021 | 11:25

Eurovision-2021 байқауында кім жеңіске жетті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Евровидение-2021 музыкалық байқауында италиялық Måneskin тобы жеңіске жетті, олар Zitti e buoni әнін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Евровидение-2021 музыкалық байқауында италиялық Måneskin тобы жеңіске жетті, олар Zitti e buoni әнін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Көрермендер мен қазылар алқасының жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша, италиялықтар 524 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Олармен 25 елдің орындаушысы бақ сынасты.

Måneskin рок-тобының өкілдері күтпеген жеңіс болғанын мойындады, олар көрермендерге алғыс айтты.

Ресейлік әнші Манижа 204 ұпай жинады. Қазылар алқасы Манижаға 104 ұпай берді, ал көрермендерден 100 жиналды.

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы кейінге қалған Евровидение байқауы биыл 18-22 мамырда Роттердамдағы Ahoy аренасында өтті.

Måneskin - төрт адамнан тұратын италиялық рок тобы. 2017 жылдың қарашасында олар дебюттік Chosen синглін шығарған. 2021 жылы Евровидениеде айтқан Zitti e buoni әнімен "Сан-Ремо" музыкалық фестивалінде жеңіске жеткен.

Соңғы рет Италия Евровидениеде 1990 жылы жеңген. Жалпы, бұл елдің үшінші алтыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети