"Евровидение-2014" байқауында Австрия жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Евровидение-2014" байқауында Австрия жеңімпаз атанды

Австриялық орындаушы Кончита Вурст "Евровидение-2014" халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Австриялық орындаушы Кончита Вурст "Евровидение-2014" халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Байқауға қатысушы 37 елдің 13-і оған ең жоғары ұпай – 12 балды берді. "РИА Новости"-дің мәліметінше, Вурст 290 балл жинады. 

Томас Нойвирт немесе сақал-мұрты бар трансвестит Кончита Вурст 1988 жылы 6 қарашада Австрияның Гмунден қаласында туған. Грац қаласындағы Сән мектебін тәмамдағаннан кейін поп-орындаушылардың Starmania кастинг-думанының үшінші маусымына қатысқан. Сол кезде өзінің гей екенін алғаш рет көпшілікке мойындап, сақалды әйелдің кейпін сахналық образ етіп алады. "Евровидение-2014" байқауында ол Rise Like a Phoenix ("Феникстей қайта тірілемін") атты ән орындады.  

Екінші орынды нидерландылық The Common Linnets тобы иеленді, бұл дуэтке 238 балл ұпай берілді.

Үшінші орын швециялық орындаушы Санна Нильсенге ( 218 балл) бұйырды. 

Арменияның атынан өнер көрсеткен Арам MP3 174 балмен төртінші орыннан көрінді. Венгриялық Андраш Каллаи-Сондерс (143 балл) бесінші, украиналық Мария Яремчук (113 балл) алтыншы, ресейлік Толмачевалар (89 балл) жетінші орынды иеленді. Копенгаген қаласында өткен "Евровидение-2014”-ті Қазақстанда "Хабар" телеарнасы тікелей трансляциялады. Радиожүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен Диана Снегина эфирге комментатор болды. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +25
Ақтау +25
Ақтөбе +23
Атырау +30
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +27
П
Павлодар +21
Петропавл +31
С
Семей +32
Т
Талдықорған +31
Тараз +33
Түркістан +24
О
Орал +28
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер