07 мамыр 2014 04:05

"Евровидение-2014" байқауында Ресей мен Украина финалға өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анастасия және Мария Толмачевалар.  ©РИА Новости Анастасия және Мария Толмачевалар. ©РИА Новости

"Евровидение-2014" еуропалық ән байқауының алғашқы жартылай финалының қорытындысы бойынша Ресей мен Украина ақтық сайысқа өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Евровидение-2014" еуропалық ән байқауының алғашқы жартылай финалының қорытындысы бойынша Ресей мен Украина ақтық сайысқа өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың алғашқы күнінде 16 ел бақ сынады. Келесі кезеңге Ресей мен Украинадан бөлек, Әзірбайжан, Армения, Черногория, Венгрия, Сан-Марино, Швеция, Нидерланды мен Исландия да өтті. Ал Латвия, Эстония, Албания, Бельгия, Молдова, Португалия елдерінің өнерпаздары өте алмады. Айта кетейік, биылғы байқауға Ресейден 17 жастағы егіз әншілер - Анастасия мен Мария Толмачевалар, ал Украинадан 21 жастағы Мария Яремчук қатысып жатыр. 

Екінші жартылай финал 8 мамыр күні болады. Онда 13 елдің орындаушысы өнер көрсетеді. Ал ақтық сын 10 мамырға жоспарланып отыр. Байқаудың ережесі бойынша бұл кезеңге "Евровидениенің" негізін қалаушылар - Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия мен биылғы қожайын – Дания бірден қатысады.

59-шы ән байқауы Копенгагеннің B&W залында 6 мамыр күні (Астана уақыты бойынша 7 мамыр, сағат 01.00) ашылды. Салтанатты шараны "Евровидение-2013" байқауының жеңімпазы Эммили де Форест пен виртуалды хор Only Teardrops әнімен бастап берді. Байқауды Қазақстанда "Хабар" телеарнасы тікелей көрсетті. Комментаторлар - Қалдыбек Жайсаңбай мен Диана Снегина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети