06 сәуір 2020 09:15

"Голос Украины" алқасы қазақстандық әншіге такси жүргізуді қою керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лупермен электрдомбыра тартатын алматылық Ерлан Байбазаров "Голос Украины" шоуында қазылар алқасын тағы да тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Лупермен электрдомбыра тартатын алматылық Ерлан Байбазаров "Голос Украины" шоуында қазылар алқасын тағы да тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10-маусымның жаңа шығарылымында Потап пен Настя Каменских командасы нокаутпен жарысқан. Shape of you әнін орындаған Байбазаров тікелей эфирден көрсетілетін кезеңге шықты.

Осымен қазақстандық шоу сахнасына үшінші рет шығып отыр. Сахнаға шығар алдында ол "Голос" шоуындағы әлем бойынша үздік өнер көрсеткендердің ТОП-10 тізіміне енгенін айтып берді. 

"Өз қаламда такси жүргізіп жүріп, менің өнерімді дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тамашалайды деп ойламаппын", - дейді ол. 

Ерлан Байбазаров бұл жолы да бәрін тәнті етті. Қазылар алқасы қазақстандықпен қосыла ән айтып, ал ән аяқталғанда, қошемет көрсетті. 

"Тәнті болдым. Көп дауыспен айту қолыңыздан келді. Қайырманы бір октаваға жоғары көтеріп айтқаныңда шок болдым. Сонда мен "Не дейді? Бұлай айту мүмкін бе?" деп ойладым. Қандай такси жүргізіп, кімді тасығаныңды білмеймін, бірақ мұныңды қой, прайсың өте қымбат", - деді Тина Кароль.

"Ed Sheeran - сізге жарасады. Ол лупермен сахнаға шығып, стадиондарды таңырқатады. Мен сізді тікелей эфирден, финалдан көріп тұрмын. Бұған әбден лайықсыз деп есептеймін. Тек бірінші орын", - деді Дима Монатик.

Қаңтар айының соңында Желіде Ерлан Байбазаровтың осы шоуда өнер көрсеткен видеосы таралған еді. 29 жастағы алматылық Portugal.The Man рок-тобының Feel It Still  әнін орындаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети