27 желтоқсан 2021 11:22

Иманбек MTV Ресей бойынша жыл музыканты атанды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

MTV Ресей телеарнасы 2021 жылғы музыканттар тізімін жариялады. Үздік ондыққа "Грэмми" сыйлығының алғашқы иегері атанған қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов те енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


MTV Ресей телеарнасы 2021 жылғы музыканттар тізімін жариялады. Үздік ондыққа "Грэмми" сыйлығының алғашқы иегері атанған қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов те енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

MTV Russia жыл музыканттарының тізімін Instagram парақшасында жариялады. 2021 жылғы топ-10 музыкантқа қазақстандықпен бірге Мари Краймбери, Слава Марлоу, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu және Анет Сай кірді.

"Жыл бойы тыңдалған әуендер! "Жыл музыканты" марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктеріне арналған. Олар - жоғары сапалы музыка, өзіндік ерекшелік, аудиторияны тану және кәсіби орындаушылық мәдениетті біріктірген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей әртістер", - делінген MTV телеарнасының хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MTV Россия (@mtvrussia)

Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy номинациясын жеңіп алған алғашқы Қазақстандық болды. Ол Roses SAINt JHN композициясы үшін осы марапатқа ие болды. Айта кетейік, оның нұсқасында Roses трегі хитке айналды және 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-те топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды, ұзақ уақыт бойы "Яндекс. Музыка" чартында бірінші орынға ие болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети