03 наурыз 2017 01:22

Жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің қатты ауырып қалғанын хабарлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің қатты ауырып қалғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің қатты ауырып қалғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде Димаш Құдайбергеновтің фан-парақшалары әншінің I Am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде сахнаға тамағы ауырып шыққанын және әнін қарлығыңқы дауыспен орындағанын жазған. Айтуларынша, әнші бұл кезеңде бесінші орын алған.

"Достар, Димаш 8-ші турда 5-орын алды. Даусын жоғалтып алғанын және тамағы ауырғанын есепке алсақ, бұл өте жақсы көрсеткіш. Ол осы жағдайына қарамастан сахнаға шыққан нағыз әнші! Тіпті ән айтудан бас тартса да, мен керісінше, оған қолдау білдірер едім! Оған екі рет екпе салды. Сахнада ауырып тұрғаны байқалды. Біз тамағымыз ауырса, ән айту былай тұрсын, сөйлей де алмай қаламыз. Ал ол нағыз батыр! Бастысы жүлде емес, денсаулығы!", - деп жазған Dears өкілдері. Соған қарағанда, байқаудың сегізінші кезеңінің түсірілімдері бүгін өткен.

Бұған қатысты көптеген қолданушы әншіге мықты денсаулық тілеп жатыр. 

Өз кезегінде Димаш Құдайбергеннің PR-директоры Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растап отыр. "Бірақ көпшілік жазып жатқандай даусын жоғалтып алған жоқ. Ол суық тиіп, қатты ауырып қалды. Климаттың ауысуы әсер етті. Жазылды деп айта алмаймын. Емделіп жатырмыз", - деген ол Димаш Құдайбергеннің сегізінші кезеңде сахнаға шығып, ән айтқанына таңғалғанын жеткізді. 


© Instagram.com/dimash_dears_

"Мен оның ән айтып шыққанына таң қалдым. 5-орын деген негізі жақсы нәтиже. Бұл конкурста 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 орындар беріледі. Олимпиада ойындарындағыдай 1, 2, 3-орындар емес", - деп хабарлады әншінің өкілі.

Айта кетейік, алдағы сенбіде Hunan TV арнасында Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауының жетінші кезеңдегі өнері көрсетіледі.  Бұл кезеңде ол "Дайдидау" әнін Қазақ ұлттық өнер университеті ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды. Әншінің өкілі Алпамыс Шаримов алдағы кезеңге әзірлеп отырған бір тосынсыйдың барын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети