26 қазан 2017 16:14

Қайрат Нұртастың анасы келінінің сұхбаты үшін қомақты қаражат талап етіп отыр деген сөзге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұлдыз Әбдірәкімова мен Гүлзира Айдарбекова. © instagram.com/gulziraaidarbekova Жұлдыз Әбдірәкімова мен Гүлзира Айдарбекова. © instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыздың сұхбаты үшін қомақты (50 мың АҚШ доллары) қаражат талап етіп отыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова мәлімдеді. Ал мұның алдында отандық БАҚ-тардың бірінде "Қайрат Нұртастың әйелінің тұңғыш сұхбатын 50 мың АҚШ долларына саудалап отыр" деген ақпарат тараған еді.


Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыздың сұхбаты үшін қомақты (50 мың АҚШ доллары) қаражат талап етіп отыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова мәлімдеді. Ал мұның алдында отандық БАҚ-тардың бірінде "Қайрат Нұртастың әйелінің тұңғыш сұхбатын 50 мың АҚШ долларына саудалап отыр" деген ақпарат тараған еді.

"Аса қадірменді көзіқарақты ағайын! Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында Қайраттың жары, менің келінім Жұлдызға қатысты сан алуан пікір жазылып жатыр. "Арман... Когда ангелы спят" фильмі жарыққа шыққалы бері бұл тақырып төңірегінде талай әңгіме боларын мен білгенмін, ол заңдылық та. Бірақ, отандық сайттардың бірінде  жарияланған "Гүлзира ханым келіні Жұлдыздың бір сұхбатын 50 мың АҚШ доларына сатпақшы" деген айдар тағылған мақалаға қатысты жауап бергім келді", - деді Қайрат Нұртастың анасы.  

"Біріншіден, мен өз тарапымнан "эксклюзив-сұхбатты" қандай да бір ақшаға сату туралы бірде-бір ақпарат құралына ұсыныс жасаған емеспін. Керісінше, дәл осындай ұсыныс телеарналардың бірінен түскен болатын. Мен продюсер, әрі Қайраттың анасы, Жұлдыздың енесі ретінде бұл мәселені кейінге қалдырғанмын. Неге? Өйткені, Жұлдыз осы кезге дейін отбасының тыныштығын күзетіп, жарының, бала-шағасының қамын күйттеп отырды. Фильмге түскеннен кейін де ол дәл осы қалпында қалды. Ол үшін жұртшылыққа танымал болып, оңды-солды сұхбат тарату мақсат емес. Ең бастысы, мен және Қайрат, Жұлдыздың әу бастағы арманын жүзеге асыруды көздедік. Ал, сұхбат мәселесіне келетін болсақ, киноның көрсетілімі аяқталғаннан кейін қортынды баспасөз мәслихатын өткіземіз деп жоспарлап қойғанбыз", - деді Гүлзира ханым.

Сонымен қатар, ол Жұлдыздың тарапынан да қандай да бір сұхбат беруге деген құлшыныс жоқ екенін айтып отыр. Айтуынша, келіні табиғатында сабырлы, сыпайы адам. Қашанда әліптің артын бағады. "Киноның көрсетілімі аяқталсын, халықтың пікірін білейік, содан кейін айтарымызды айтайық. Ал менің отбасым, жеке өмірім қашанда осы шаңырақтың шеңберінде қалуы тиіс" деп кесіп айтқан. Мен оның бұл ұстанымын қолдадым, қолдай беремін де", - дейді ол.

"Продюсер ретінде, ана ретінде Қайратқа қатысты әр ақпарат, мәлімет менің назарымнан тыс қалмайды. Жұлдыздың актерлік қабілетіне көрермендер көбіне оң бағасын беріп жатыр. Ол әлеуметтік желілерде жазылған пікірлер мен киносыншылардың рецензияларында анық білінеді. Мүмкін, бұл факт кейбіреулерге ұнамайтын шығар. Шоу бизнесте көреалмаушылық, бақталастық, аяқтан шалу деген жағымсыз дүниелер көп болып жатады. Мен ондай оқиғалардың талайын көргенмін. Дегенмен, "біреу айтыпты" деген сияқты өсектің деңгейіндегі ақпаратты жариялап жіберу кәсіби этикаға, адамгершілікке жатпайды деп есептеймін", - деп қорытындылады Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, Қайрат Нұртастың жаңа "Арман/Когда ангелы спят" картинасы "18+" шектеуімен  прокатқа 12 қазанда шыққан еді. Сондай-ақ, осыған дейін Қайрат Нұртастың фильмнің таныстырылымына әйелімен бірге келгені айтылған болатын. Айта кетейік, көпшілік алдында шыққанына бір ай өтпестен, әншінің әйелі Instagram желісінде өте танымал болды. Қазіргі таңда оның парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети