20 қаңтар 2022 13:58

Қазақстандық әнші орындаған кавер екі платина дискісін алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/coloritmusic Фото: instagram.com/coloritmusic

Қазақстандық музыкант Colorit-тің Slava Marlow & Morgenshtern-нің "Быстро" хитіне жазған кавер нұсқасы қос платина дискісін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық музыкант Colorit-тің Slava Marlow & Morgenshtern-нің "Быстро" хитіне жазған кавер нұсқасы қос платина дискісін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Colorit әрлеген музыка 45 миллион рет тыңдалған, осылайша дискіге ие болған.

"Бір кездері танымал әртістер осындай марапаттарды қалай алып жатқанын көріп, армандайтынмын. Менің жұмысым үшін платина аламын деп елестетпедім. Осы күнге дейін мені қолдағандар үшін бәріне алғыс айтамын", - деді ол.

"Быстро" кавері шыққаннан кейін VK және Apple Music диаграммаларында ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үздік Shazam чартында жетекші орынға ие болып, Dua Lipa және Billie Eillish-ті басып озған. Кавер бірнеше ай бойы ресейлік және қазақстандық TikTok трендінде болды.

Colorit лақап атымен өнер көрсететін Арыстан Әбілдин Қарағандыда туып өскен. Бала кезінен шығармашылықпен айналысады. Әкесі музыка мектебінің директоры, анасы хор жетекшісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети