Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандық әншілер Алматыда болған селге байланысты қайырымдылық кеш өткізеді

24 Шілде 2015, 11:37
0
© Дәурен Исаев
© Дәурен Исаев

Қазақстандық әншілер Алматыда болған селге байланысты қайырымдылық кеш өткізеді, - деп хабарлайды "Гәкку" арнасы.

Ақпарат құралының мәліметінше, бұл бастаманы All Давай тобының әншісі Шоқан қолға алған. Ол әріптестеріне ұсыныс жасап, бірқатарының келісімін алып үлгерді.

"Әншінің ұсынысын Ғаділбек Жанай және басқалары қолдай жөнелді. Қайырымдылық кеш беріп, түскен қаржыны баспанасыз қалған тұрғындарға үлестіріп бермекші. Жігіттерді қолдайтындар санының көбейетініне сенім мол", - деп хабарлайды телеарна.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы кәсіпкерлерінің селден зардап шеккендерге көмектесетіні хабарлаған болатын. Кәсіпкерлер бір сағаттың ішінде миллион теңге жинап үлгерді, бұл соманы олар тасқыннан зардап шеккендерге аударуға дайын. Олар бір күндік жалақысын да осы мақсатта жұмсауға дайын екендерін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Ахметжан Есімов селге байланысты қалада төтенше жағдайдың жарияланғанын және соған байланысты зардап шеккендерге белгілі бір соманың төленетінін айтты. "Қорда 679 миллион теңге бар, бірақ Мәслихаттың сессиясында оны 2 миллиард теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды. Алайда ол соманың барлығы апаттың салдарынан келген шығынды өтеуге жұмсалады дегенді білдірмейді", - деді Есімов. Әкімнің айтуынша, үй мен көлік мүлік ретінде сақтандырылуы керек, сондықтан айтылған сома зардап шеккендерге "үлестіріледі" деп ойлау жаңсақтық. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай