26 мамыр 2021 14:47

Қазақстандық домбырашылар Golden Time Talent байқауының жеңімпазы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темірлан Олжабай және Ернат Наурыз Темірлан Олжабай және Ернат Наурыз

Домбырашы Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Домбырашы Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрлі санаттағы гранд-финал онлайн-форматта өтті. Музыканттар Вивальдидің "Жыл мезгілдері" ("Жаз") топтамасынан туындыны өздері өңдеп ойнады. Видеоны ұлыбританиялық команда түсірген.

"Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Бүгін түнде нәтижелер жарияланды. Бізге келісімшарт ұсынылды, шекара ашылып, жағдай тұрақтанғанда концертке шығамыз", - деді Темірлан Олжабай.

Golden Time Talent ұйымдастырушылары музыканттар Америкада өткен халықаралық байқауда алтын медаль жеңгеннен кейін олардың бойынан талант көріп, шоуға шақырған.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде танысқан. Ұжым 2017 жылы құрылған. Айта кетейік, сол кезде олар Димаш Құдайбергенмен бірге I'm a Singer байқауына Қытайға барған еді. Бүгінде музыканттар Түркия, Израиль мен Еуропа қалаларында өнер көрсетіп үлгерген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Temirlan Olzhabay (@olzhabaev_temirlan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Temirlan & Yernat (@temirlan_yernat_official)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети