18 маусым 2021 | 11:00

Қазақстандық домбырашылар Bridge TV жүлдесін жеңіп алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет жеке мұрағаттан Сурет жеке мұрағаттан

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Bridge TV телеарнасының жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Bridge TV телеарнасының жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар "Аспапта ойнайтын үздік дуэт" номинациясын жеңіп алған. Домбырашылар Түркияда пандемия басталғанға дейін гала-концертте өнер көрсеткен. Енді ұйымдастырушылар шара нәтижесін ресми түрде жариялап, қазақстандықтарға жүлдені жіберді.

"Бізді шілдеде Түркияда жеке концерт беруге шақырды", - деді Темірлан Олжабай.

Bridge MEDIA компаниялар тобы 2005 жылы құрылған. Ол Ресей мен ТМД елдеріндегі танымал музыкалық телеарналар өндірушісі саналады. Холдингке 5 музыкалық телеарна және 12 онлайн-радиостанция кіреді.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде танысқан. Ұжым 2017 жылы құрылған. Айта кетейік, сол кезде олар Димаш Құдайбергенмен бірге I'm a Singer байқауына Қытайға барған еді. Бүгінде музыканттар Түркия, Израиль мен Еуропа қалаларында өнер көрсетіп үлгерген. 

Бұған дейін домбырашылар Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болған еді. Музыканттар Вивальдидің "Жыл мезгілдері" ("Жаз") топтамасынан туындыны өздері өңдеп, ойнап берген. Видеоны ұлыбританиялық команда түсірген.

Сондай-ақ, жақында ғана мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиода өтетін Олимпиадаға домбырашыларды Қазақстанның амбассадоры етіп тағайындаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети