Қазақстандық домбырашылар Мәскеу метросының жолаушыларына тосынсый жасады 12 сәуір 2016, 09:25
"Шабыт" қазақстандық домбырашылар ансамблі Мәскеу метросының вагонында тосыннан концерт қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қойылымның видеосы YouTube сайтында жарияланды. Қолданушылардың айтуынша, "Шабыт" ансамблінің өнерпаздары осылайша Мәскеу метросының жолаушыларын қуантқан. Олар Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындап берді.