24 қазан 2020 14:46

Қазақстандық Imanbek Usher мен Marshmello-мен трек жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Imanbek Usher және Marshmello-мен трек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Imanbek Usher және Marshmello-мен трек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманбек Зейкенов Marshmello және Usher атты әлемдік жұлдыздарымен трек жазды. Too much клипін Youtube-тен көруге болады.

Youredm.com хабарлауынша, Usher және Marshmello-мен бірлесе шығарған бұл Too Much туындысы жақсы көретін адамдарға жақын болу үшін жазылған жігерлі трек. 

Еске салайық, Imanbek-тің Roses әніне жазған ремиксі әлемдік чарттарда топ жарған болатын. Бұл трек Billboard Hot 100 чартында бірнеше апта бойы топ-10 әндердің қатарында тұрды, осылайша қазақстандық жігіт дүниежүзіне танылды.

Ремикс Apple Music ондығына енген. Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған, Spotify сервисі арқылы 4 миллион рет тыңдалған және реп орындаушысы Saint Jhn-тің YouTube каналында 82 миллионға жуық қаралым жинаған.

Ал наурызда трек UK Singles Chart-тында үздік болды және Ұлыбританиядағы нөмір бірінші сингл атанды. Сол кезде Иманбек Зейкенов өңдеген Saint JHN-нің Roses (Imanbek Remix) әні The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты орындаушыларды асып түскен еді.

Қазір Иманбек танымал әндерге ремикс жазуды белсенді түрде қолға алған.

Ақсу қаласының 20 жастағы тұрғыны Иманбек оқуынан бөлек теміржолда жұмыс істеген екен. Музыкаға әуес болған ол, ремикстерді түрлі видео арқылы өздігінен үйренген.

Бұған дейін Imanbek әйгілі реп орындаушысы Tory Lanez-бен бірге ән жазғаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети