18 тамыз 2020 15:17

Әлемдік чарттарда топ жарған Иманбек Зейкенов The Variety басылымына сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Variety басылымының тілшісі қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы материал жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


The Variety басылымының тілшісі қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы материал жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманбектің Roses әніне жазған ремиксі әлемдік чарттарда топ жарған еді.

Ол Roses әнін алғаш рет естіген кезде жақсы әсер алғанын айтты.

"Тректің өзінде әсерлі әуен бар, темп және дауыс ырғағы үйлесімді", - деді жас талант басылымға берген сұхбатында.

Әннің түпнұсқасын орындайтын SAINt JHN’s 2016 жылы шыққан шығарманың танымал болғанына таңғалмағанын атап өтті.

Ол ремикс алдымен Ресейде, кейін Франция, Германияда кең тарала бастағанын, кейін АҚШ-қа жеткенін айтты.

The New York Times ақсулық жігіт туралы мақала жариялады

Ақсу қаласының 20 жастағы тұрғыны Иманбек оқуынан бөлек теміржолда жұмыс істеген екен. Музыкаға әуес болған, өздігінен шұғылданған. Ремикстерді түрлі видео арқылы үйренген FL Studio бағдарламасымен жазады.

Ал Roses әніне жазған ремиксі Apple Music ондығына енген. Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған, Spotify сервисі арқылы 4 миллион рет тыңдалған және рэпер Saint Jhn-тің YouTube каналында 82 миллионға жуық қаралым жинаған.

Қазір Иманбек танымал әндерге ремикс жазуды белсенді түрде қолға алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети