23 шілде 2019 15:05

Қазақстандық жас әнші "Славян базары" байқауына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ділназ Тілепова. © lada.kz Ділназ Тілепова. © lada.kz

Ақтаулық Ділназ Тілепова Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық байықауына қатысты. Қазақстандық 11 жастағы әнші жүлделі орынға іліге алмады, алайда халықаралық байқауларға шақырту алды. Бұл туралы "Радуга" балалар өнері студиясының жетекшісі Ольга Хыныкина айтты, - деп хабарлайды "Лада"


Ақтаулық Ділназ Тілепова Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық байықауына қатысты. Қазақстандық 11 жастағы әнші жүлделі орынға іліге алмады, алайда халықаралық байқауларға шақырту алды. Бұл туралы "Радуга" балалар өнері студиясының жетекшісі Ольга Хыныкина айтты, - деп хабарлайды "Лада"

Витебск қаласында "Славян базары" фестивалі аясында шілденің 6-12 аралығында Витебск-2019 XVII халықаралық балалар музыкалық байқауы өтті. 

- Жыл сайын бұл байқаудың беделі жоғарылап келеді. Арнайы іріктеу турлары өткізіледі және олардың жеңімпаздары Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық фестивалінде өз елінің намысын қолғауға мүмкіндік алады. Қазақстандағы "Славян базары" өкілі "Бозторғай" қоғамдық қорының президенті және "Бозторғай" Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің директоры Қарлығаш Әбдікәрімова (Алматы) болып табылады, ол Қазақстаннан қатысушыларды іріктеумен айналысады, - дейді Ольга Хныкина.

Биыл "Витебск" мәдениет сарайының сахнасына 21 қатысушы өз өнерін паш етті. Музыкант әрі композитор швециялық Боссон есімді әнші қазылар алқасының төрағасы болды, оған  Армении, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина, Румыния, Ұлыбритания және Латвиядан келген өнерпаздар көмектесті. 

- Дільназ үш жылдан бері "Радуга" эстрадалық ән айту мектебінде вокал, хореография, сахналық шеберлікпен айналысады, сондай-ақ "Ертегілер"шоу-тобында ән айтады. 2018 жылы ол "Бозторғай" халықаралық конкурсының Гран-при иегері атанды, "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауында көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді, ал 2019 жылы Ташкентте өткен "Роза Востока" халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Абай атындағы КДК сабақтарынан басқа ол музыкалық мектепте фортепиано сыныбы бойынша оқиды және шахматпен айналысады. Отбасы Дільназдың ән айтуды үйрену ғана емес, сонымен қатар жоғары шығармашылық нәтижелерге қол жеткізу деген ұмтылысын қолдайды. Ірі конкурстарға қатысу - үлкен еңбек. Вокалист, хореографпен күнделікті дайындық, имиджмен жұмыс істеу, конкурстық әндерді мағыналық беру - осының барлығы көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. Байқауға қатысушылардың психологиялық дайындығына көп көңіл бөлінеді, - деді Ольга Хныкина.

Сайысқа қатысушылар екі кезеңнен өтті: бірінші күні балалар өз ұлтының тілінде ән шырқады, ал екінші күні – әлемдік хит орындады. Ақтау командасы Дільназ үшін Сая Махамбеттің "Қазағымсың" және Джамаланың репертуарынан "History" әнін таңдады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Беларусь елінен Ксения Галецкая жеңіп алды, бірінші орынды Армениядан Анжела Албертян иеленді. Екінші орынға Анастасия Барбэ (Молдова) және Артур (Украина) ие болды. Үшінші орынды Кира Гоголадзе (Ресей) және Аннушка (Грузия) иеленді.

"Дільназдың байқауға баруына атсалысқандардың барлығына, яғни Ақтау әкімдігіне, Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қорына, "Бозторғай" қорының дирекциясына, дайындыққа ақша жинаған демеушілерге, ата-аналарға, оның педагогтарына О. Хныкина, Н. Медербекова, С. Сариевке, "Радуга" студиясының және Абай атындағы КДК-нің ұжымына үлкен рахмет айтамыз, - деді ақтаулық команданың өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети